Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 42,0%-ды құрады, азық-түлік емес тауарлар - 58%. Көтерме сауда тауар айналымы осы кезеңде 143,9 млрд. теңгені құрап отыр.
Тауарлар қоры бөлшек және көтерме саудада 2016 жылдың 1 қарашасына 19,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 9,1 млрд. теңгесі бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауар айналымының 46 күнін, көтерме саудада - 10,8 млрд. теңгені құрап, 43 күнді қамтыды.
Сондай-ақ Талғат Базарбайұлы брифинг барысында сыртқы сауда айналымына да тоқтала кетті. Кедендік статистиканың мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымының көлемі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 206,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңіне 33,1%-ға азайған. Оның ішінде экспорт 46,6%-ға төмендеп, 53,2 млн. АҚШ доллары, импорт 26,7%-ға азайып, 153,1 млн. АҚШ доллары болған. Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 99,8 млн. АҚШ доллары.2016 жылғы қаңтар-тамызда облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 75,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 18,9%-ға азайды, оның ішінде экспорт 26,9 млн. АҚШ доллары, импорт - 48,3 млн. АҚШ доллары (21,3%-ға азайды).
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тауарларға бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызметтерге бағаларды тұрақтандыру мақсатында тұрақты жұмыс істейтін облыстық штаб құрылған, - деп баяндамасын аяқтады Т.Шалдарбеков.