Жамбылда 43 туристік ұйым қызмет көрсетуде

Аймақ
07.12.2016, 23:22

turagentstvoДүниежүзілік экономикада туризм саласы қарқынды дамып келе жатқан жетекші сала болып отыр. Жамбыл облысыда туризм саласының дамуына келелі жағдайлар бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шалдарбеков Талғат Базарбайұлы баяндады.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда 43 туристік ұйым, 1 киіз үй қалашығы, 10 балалар - сауықтыру лагерлері, 7 дамалыс орындары, минералды сулар және бірегей шипалы балшықтармен емдейтін 5 санаторлық - курорттық шипажайлар халыққа қызмет көрсетуде.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облысқа келушілерді орналастырумен шұғылданатын орындарының саны 128 бірлікті құрап, 43 - 254 адамға қызмет ұсынылды. Есепті кезеңде орналастыру орындарында 440,8 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, қызметтерінің көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4%-ға артты.

Осы уақытқа дейін туризм саласын дамыту мақсатында, халықаралық және республикалық туристік қызмет нарығында облысымыздың туризм аймағы ретінде жағымды бейне қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Жамбыл облысы әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ арасында, облыс аумағында туризмге қатысты орта және шағын бизнесті қолдау мақстанда, әр тараптан 250 миллион теңгеден қаржы бөлу туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында туризм саласын дамыту бойынша қол қойылған Меморандумға сәйкес облысымыздың 4 туристік ұйымына қытай туроператорларымен жұмыс істеуге аккредитация жүргізіліп, бүгінгі таңда Қытайдың Шанси провинциясынан 27 және Пекин университетінен 8 қытай азаматтары облысымызға туристік сапармен келіп кетті. Облысымызда туризм саласын дамуын зерделейтін жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы жүргізген зерттеу нәтижесінде нәтижесінде туристік маршруттар және облыс бойынша экскурсия бағыттары жасалды, - деп хабарлады басқарма басшысының орынбасары.

Сұхбат

PhotoRoom