Оның сөзіне сүйенсек, шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі - оларға несие беру болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректеріне сүйенсек екінші деңгейдегі банктері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2016 жылдың 9 ай аралығында 12 млрд. 697 млн.теңге несие берген.
Орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың аса маңызды механизмдерінің бірі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 76,2млрд. теңгені құрайтын 725 жоба мемлекеттік қолдау алып отыр. Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша жалпы сомасы 65,1 млрд. теңгені құрайтын 596 жоба, ал «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту»құралы бойынша, жалпы құны 11,4 млрд. теңгені құрайтын 74 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда.
Жалпы алғанда, бағдарламаның арқасында 11 мың астам жұмыс орындары сақталып, 3000-ге жуығы жаңадан құрылды. Бюджетке 10 миллиард теңгеден астам салық төленді, - деп хабарлады Т.Шалдарбеков