Басшы орынбасарының сөзіне сүйенсек, Жамбыл облысының минералды-шикізат ресурстарына бай болуы арқасында тау - кен өңдеу, газ өңдеу, химия, тамақ, металлургия, құрылыс материалдары өнеркәсібі аса дамыған. Өнеркәсіп өндірісінің негізін 372 кәсіпорын құрайды. Онда 30 мыңнан астам адам жұмыс атқарады немесе экономикада жұмыс істейтін адамдардың 13% құрайды. Жамбыл облысының кәсіпорындары республика ауқымында триполифосфат натрийдің өндірудің - 100%, фосфордың - 99,8%, гипстың - 86,7%, фосфор тыңайтқыштарының - 80,7%, ұсақ мүйізді мал жүннің - 17,7%, портландцементтің - 15,5% өндіреді.
Сондай-ақ, өнеркәсіптің 2016 жылғы 10 айының қорытындысына тоқталсақ, Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 278,9 миллиард теңгені құрайтын өнім өндіріліп, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға өскен.
2016 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан. Атап айтқанда: тамақ өнімдерінің өндірісі - 34,9 пайызға, жеңіл өнеркәсіпте - 64,0 пайызға, мұнай өнімдерінөндіруде 39,1 пайызға, басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде 1,6 пайызға, металлургия өнеркәсібінде 52,8 пайызға артқан.
Облыс экономикасындағы басым бағыттардың біріне шағын және орта бизнесті дамыту жатады. Бүгінгі таңда облыс аумағында 58146 орта және шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді (4288 - шағын бизнестағы заңды тұлғалар, 55 - орта кәсіпорындар, 38058 - жеке кәсіпкерлер, 15745 - шаруа қожалықтары).
Орта және шағын кәсіпкерлік саласында 120,8 мың адам немесе облысымыздың экономикалық белсенді тұрғындарының 24 пайызы жұмыс істейді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 130,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,3% құрады (оның ішінде шағын бизнестегі заңды тұлғалары - 75,5 млрд.теңге, орта бизнес субъектілері - 27,8 млрд. теңге, шаруа қожалықтары - 8,7 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлік субъектілері - 18,5 млрд. теңге), - деп баяндады Талғат Базарбайұлы өз сөзінде.