Жамбыл облысында жаңа емхана пайдалануға берілді

Аймақ
27.11.2016, 15:25

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жаңа емхана пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған нысан 250 орынға шақталған. Жоба құны бір миллиард теңгеден асады. Ал қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 350 миллион теңгедей қаражат жұмсалды. Жалпы өңірде егемендік алған жылдары денсаулық сақтау саласында 100-ден астам нысан ашылған. Оның 12-сі осы Талас ауданында бой көтеріп отыр. Айта кеткен жөн, аймақта салаға жіті көңіл бөлінуі арқасында адам өлімі 1992 жылмен салыстырғанда 24%-ға төмендеген. Есмахан Имаммырзаев, Талас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері: - Елбасының тікелей ауылға, елге деген медициналық қызметтің қолжетімділігін жеткізу мақсатында жүргізіп отырған саясаттың арқасында осындай үлкен ғимараттар салынып, елге қызмет көрсетуге дайын. Жоғары санатты орталықтарға жіберуге, емделуге мүмкіндік бізге толықтай беріліп отыр. Мұндай аппарат болған емес. Аппараттардың мүмкіндігіде жоғары.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom