Жамбылда шекара қызметінің базасы 90-95 пайызға жаңартылған

Аймақ
24.11.2016, 23:23

a1fc498f04791139e38ea062d188a477_lТәуелсіздік алған жылдары Жамбыл облысындағы шекара қызметінің материалдық-техникалық базасы 90-95 пайызға жаңартылған. Осының арқасында мемлекеттік шекараны бұзу деректері азайып, шекара айлағын қамту көрсеткіші артып отыр. Бұл туралы 2035 әскери бөлімінде өткен мерекелік шара кезінде айтылды. Жиында бірқатар әскерилер марапатталып, жас сарбаздарға шекара қызметі жайында арнайы дайындалған фильм көрсетілді. Жалпы облыстың шекара ұзындығы 3700-дей шақырымды құрайды. Осы ара қашықтықта егемендік алған жылдары 12 әскери застава болса, қазір оның саны 25-ке жеткен. Дамир Төлеубаев, 2035 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар орынбасары: - Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап шекара қызметіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұрындары шекара заставаларының арасы қашық болатын. Ол бірқатар қиындықтарды туғызатын. Қазір жағдай мүлдем басқа. Жаңа бақылау пункттерінің саны артып, шекара күзеті нығая түсті. Бұл Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп білеміз,-деп хабарлайды 24.kz.

Сұхбат

PhotoRoom