Көшербаев «Қайсардың» жаттығуына қатысты

Аймақ
18.08.2014, 17:11

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Спорт күні қарсаңында  Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайсар» футбол клубының таңертеңгі жаттығуын тамашалап, футболшыларды халықаралық кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Еркін, ашық түрде өткен кездесу барысында облыс басшысы сондай-ақ, команданың чемпионаттың бірінші кезеңіндегі жетістігін атап өтіп, үздік алтылыққа шыққандары үшін алғысын білдірді. Облыстың футболды дамытуға байланысты жоспарларымен таныстырып, ойыншыларды  биылғы маусым қорытындысы бойынша еурокубок жолдамасын жеңіп алуға сәттілік тіледі. Өз кезегінде бас бапкер Дмитрий Огай мен капитан Кирилл Шестаков әр ойында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанту үшін барын салатынын айтты.

Кездесу соңында Қырымбек Елеуұлы жақында заңды некеге отырып, отау құрған Мамуту Кулибали мен екінші рет әке атанған Римо Хунтқа естелік сыйлықтар табыстаса, футболшылар әкімге «Қайсардың» 2014 жылғы үлгісіндегі фотоальбомын сыйлады.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиынында қызылордалықтар Павлодардың «Ертіс» және Атыраудың аттас командасымен жолдастық кездесу өткізді. Керекуліктерді 1:0 есебімен, мұнайлы өлкенің командасын 2:1 есебімен жеңді. Жаттығу жиындары 23-ші тамызға дейін жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom