Корей Елшісі тараздық студенттерге дәріс оқыды

Аймақ
28.11.2016, 18:05

20160823110158Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Ёнг Чон Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріне «Кореяның бірігуі және Қазақстан» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл туралы ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Институттың профессор-оқытушылары мен студенттеріне дипломат Оңтүстік Корея экономикасының даму тарихы мен Қазақстанмен ынтымақтастығы туралы баяндады. Чо Ёнг Чон Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына оң баға беріп, екі ел арасындағы бірлескен тиімді жобаларды атап өтті. Сонымен қатар ынтымақтастықты кеңейтуде және инвестициялық саясатты жандандыруда атқарылып жатқан істер турасында әңгімеледі. Сонымен бірге шара барысында Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігінің қолдауымен «Кореяның бейбітшілігі  Кореяның бірігуінде» тақырыбында өткен шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Эссе жанрындағы әдеби сында филология факультетінің 6 студентінің шығармасы үздік деп танылған болатын. Шара соңы қазақстандық К-РОР стил

 

 

Сұхбат

PhotoRoom