Дін қатынастарын зерттеу жұмысы жанданып келеді

Аймақ
13.12.2016, 16:34

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» 2014 жылдың шілде айынан бастап өз қызметін жүзеге асыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Жұмекеева Кенжегүл Сейтханқызы кеңінен әңгіме қоғады.

Орталық басшысының берген ақпаратына сүйенсек, мекеменің мақсаты: облыстағы діни ахуалды зерделеу, талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Орталық осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн психологиялық және құқықтық кеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту қызметтерін көрсету, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, ақпараттық бюллетеньдерді шығару, дін саласында талдамалық, ғылыми зерттеулер жүргізу, ұсыныстар әзірлеу, дін мәселесі бойынша сенім телефоны жұмысын ұйымдастыру және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Орталық үш бөлімнен құралады «Дін қатынастарын зерттеу және БАҚ байланыс», «Жоспарлау және ұйымдастыру», «Ақпараттық түсіндіру және талдау».

Жалпы, облыс аумағындағы діни ахуалды бейбітшілік қалпында сақтау және діни экстремизм мен терроризмнің қауіпін, сыңаржақ діни идеологиялардың тұрғындар арасында таралуының алдын алу мақсатында Орталық тарапынан мақсатты жұмыстар келесі бағыттарда жүргізілді, - деп талдап көрсетті спикер.

Бірінші бағыт Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, облыс тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Атап айтқанда үстіміздегі жылы Тараз қаласы мен облыс аудандарында және ауылдық округтерде семинар, «дөңгелек үстел» отырыстары, дәріс, пікір-сайыс, флешмоб, радиорубка және кездесу форматтарында өткізілуде. Атап айтқанда 610 іс-шара ұйымдастырылып, 21674 астам адам қамтылды.

Екінші бағыт өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жұмыстары. Жамбыл облысының діни ахуалын зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аудандары мен Тараз қаласында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 330 адам қамтылды (40,39% ер, 59,61% әйел).

Зерттеу қорытындысына сәйкес респонденттердің басым көпшілігі аймақтағы діни жағдайды қалай бағалайсыз деп сұрағанымызда респонденттердің 63,08% жайлы, 17,42% өте жайлы деген. Оң көзкарастардың үлесі 81,22%-ды құрап отыр. Облыс бойынша діни ахуал тұрақты

Үшінші бағыт діни сауаттылықты арттыру бойыныша азамттарға анонимді көмек көрсету. Облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Сенім телефоны» арқылы (51-50-20) және +7(707) 3877051) 69 тұрғын хабарласты (63 телефон арқылы, 6 ауызша).

Төртінші бағыт азаматтық қоғам институттарын жұмылдыру. Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының әлеуеті кеңінен пайдаланылуда. 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды, оған 6.6 млн. теңге бөлінді.

Атап айтқанда:1. «Ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру үшін іс-шаралар ұйымдастыру» 2. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бейнероликтер дайындау» 3.«Діни радикализмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» Нәтижесінде, «Бірлікпен Өрлеуге» қоғамдық қоры, «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қоры жеңімпаз болып табылып, ағымдағы жылдың қараша айында жоба бойынша өз қызметтерін аяқтады.

Бесінші бағыт медиа сала. Жергілікті БАҚ арқылы мақсатты жұмыстар жүргізу, жарияланған материалдарды талдау. Облыста үйлесімді конфессияаралық қатынасты түсіндіруге барлық медиа ресурстар бағытталған. Осы мақсатта облыс әкімдігі дін істері және ішкі саясат басқармаларымен бірлесе тиісті шаралар қабылданды.

Алтыншы бағыт мемлекеттің дін саясаты мен дәстүрлі діндерді насихаттауға бағытталған әдебиеттерді шығару және тарату. «Дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жинағы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастары», «Материалы по основным вопросам религий: в помощь лектору», «Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауап 8 - шығарылым», «Қазақстан Республикасында тыйым салынған экстремистік және окультік-мистикалық ұйымдарға қысқаша сипаттама». атты кітаптар 4000 және жалған діни - нанымдардан сақтандыруға арналған тақырыптық буклеттер 3000, брошюралар 500, плакаттар 500 данада шығарылып, таратылды, - деді орталық басшысы.

Кенжегүл Сейтханқызы атқарылған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, оң нәтижелер көрсететініне сендірді.

Сұхбат

PhotoRoom