Жамбылда "Болашағымыз – бірлікте!" атты форум өтеді

Аймақ
09.12.2016, 21:36

2016 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз – бірлікте! Вместе – сильнее!» тақырыбындағы форум өтеді. Форум Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шараларды қорытындылауға орайластырылған.

Форумға облыс басшылығы, облыс тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, этномәдени бірлестік өкілдері және жастар қатысады.

Форум мақсаты: облыс тұрғындарына Тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш ету, ондағы еліміздің Тұңғыш Президентінің ролін ашып көрсету, қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуы үшін топтастырудың өзегі болып табылатын "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын ілгерілету, бірегейлік пен бірлікті нығайту, Отанға деген мақтаныш сезімін нығайтып, патриотизмді қалыптастыру мен әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне еліміздің барлық азаматтарын тарту.

Форум барысында «Алатау» халықтық аспаптар ансамблі, «Ақ кербез» би ансамблінің би композициясы, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесі ұсынылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom