Жамбылда «Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы 150% орындалды

Аймақ
08.12.2016, 21:47

agriculture_0Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, "Ширек ғасыр шежіресі" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлпейісов Бейсенбек Әшімәліұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесінде өңірдің жеткен жетістіктеріне тоқталды. Бүгінде бұл өлке ауыл шаруашылығын жайқалта өсірген егінімен, өрістеткен мал төлдерімен танылып отыр деп баяндамасын бастады.

Бейсенбек Әшімәліұлы ауылшаруашылық саласындағы біршама жұмыстарға тоқталып, 2016 жылдың өніміне жоспардағы дақылдар толық көлемде себіліп, күзгі дала жұмыстары жүргізілуде деді. Бүгінгі күнге 187,9 мың тн астық (24 цн/га), немесе 169.4 %, 6180тн мақсары, 10820 тн картоп, 90800 тн көкөніс, 1970 тн бақша, 90 га жерден 1750 тн. қант қызылшасы жиналып, Меркі қант зауытына өткізілді.

Ауданда 2017 жылдың өніміне жоспардағы 45.0 мың га пар толық көтеріліп, 52600 га жер жыртылды, 36 281 га  (112%) күздік себілді.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы бойынша биылғы жылы егілген қант қызылшасының әр гектарына 50,0 мың теңге, өткізген тәтті түбірдің әр тоннасына 2500 теңгеден, қант зауыты әр тоннаға 17000 теңге ақы төледі. Майлы дақылдың әр гектарына 2000 теңгеден, дәнді дақылдың әр гектарына 1000 теңгеден мемлекет тарапынан субсидиялық төлем төленді.

Егілген дақылдардың шығымдылығын арттыру мақсатында дихандарға 1321,2 тн. аммофос және аммияк селитрасы 50 пайыздық 2016 жылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан 2683 тн. арзандатылған бағамен дизель отыны берілді.

Тау суын үнемдеу, тиімді пайдалану мақсатында 2014 жылдан бастап жыл сайын «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына аясында суды жүргізу каналдары қалпына келтіріліп, жөнделіп келеді. Биыл 9,4 млн теңгеге «Көкдөнен», 11,8 млн теңгеге «Шөңгер» каналдарына жөндеу жүргізілді.

«Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы бойынша жоспардағы 5 құдықтың орнына  9 құдық қазылып, жоспар 150% орындалды, - деп баяндамасын аяқтады Бейсенбек Әшімәліұлы.

Сұхбат

PhotoRoom