Бүгін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы келген Елжан Біртанов Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысты.
Вице-министр ең алдымен облыстың денсаулық сақтау саласы мамандарымен жүздесті. Жиында медицина саласының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері айтылып, бірқатар өзекті мәселелер сөз болды. Сондай-ақ, нәтижелі еңбегімен көзге түскен сала мамандары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл орталық былтырғы жылы қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай арнайы ашылған болатын. 200 орындық медициналық нысан заманауи құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, орталықта ана мен бала денсаулығына қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған. Ана мен бала орталығын аралап шыққан министрдің орынбасары орталықтың жұмысына оң бағасын берді.
Ия, мұның барлығы ел Тәуелсіздігінің арқасы. Медицина дамыды. Мамандар біліктілігін жыл сайын арттыруда. Мұның барлығы ұлт саулығы және ана мен бала денсаулығы үшін жасалып жатқан игі істер екені сөзсіз.