Домбырашылар бір уақытта «Сарыарқа» күйін орындады

Аймақ
12.12.2016, 22:25

maxresdefaultБүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде түрлі іс-шаралар өтуде. Соның бірі, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 25 жұлдызды күндер акциясы. Осыған орай қаламыздағы «Смолл» сауда орталығында домбырашылар Құрманғазының «Сарыарқа» күйін бір уақытта орындады. Мерекелік флеш-моб қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды.

Иә, мұндағылар отбасылық күйбең тіршіліктің қамымен сауда орынына сабылған жандар. Алайда, қос ішіекті домбырадан төгілген күй күмбірі, дүйім жұртты бір сәтте үйіріп әкетті.

Жалпы флеш-мобқа Жамбыл облыстық филормониясының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фальклорлық ансамблі мен Назарбаев зияткерлік мектебі және Н.Тілендиев атындағы мектеп интернатының өнерпаздары қатысты.

80-ге жуық домбырашы қатысқан шара барысында алдымен облыс өнерпаздарының орындауында тамаша әндер тұрғындарға тарту болды. Бірақ, бәрінің күткені бір сәтте орындалатын атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйі еді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың соңғы легі бұл емес. Әлі де рухни жан дүниені байытып, білім мен ілімді дамытатын, таным мен түйсікті тереңдете түстен мерекелік жиындар өз жалғасын таба бермек.

 

Сұхбат

PhotoRoom