Шу ауданында мия тамырын өндейтін зауыт іске қосылды

Аймақ
12.12.2016, 22:28

83cd56f2763e96e5e10731d25fdce73eШу ауданындағы Ақсу ауылдық округінде мия тамырын өндейтін зауыт іске қосылды. Жылына 2500 тонна өнделген өнім шығаруға қауһарлы.  Кәсіпорын Жапониялық инвесторлардың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Кәсіпорын Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарын 2014-ші жылы бастаған болатын. Жобаның құны – 600 миллион теңге. Сирек кездесетін өсімдік тамырынан дәрі-дәрмек шығаруды көздеген кәсіпорынға жапониялық мамандар өткен жылы арнайы автоматтандырылған қондырғыларыды орнатқан.

Тимур Жәнке, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Бүгінгі күні Жамбыл облысында мемлекеттік  индустриалды – инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 34 жоба іске қосылып, 211 млрд теңгенң құрады. Ал, мия тамырын өндейтін зауытта үкіметтің қолдауы мен жүзеге асып отыр. Мұнда жаңа 60 жұмыс орны ашылды.

Енді кәсіпорын медицина саласына қажетті және бауыр, көз, бүйрек сырқаты бар науқастардың зор сұранысына ие дайын өнім-дәріні шығаруды бастамақ.

Ешида Наомаса, Жапонилық компанияның басшысы

Бұл жобаны Қазақстан Республикасының Президенті мен Жапонияның премьер министірі Абе қолдаған болатын. Біз қазір зауыттың бірінші сатысындамыз. Келесі кезекте дайын өнімнен дәрі-дәрмекжасауға кірісеміз.

Зауытта екі қойма салынды. Оның біреуі жиналған өсімдік тамырын кептіріп, сақтауға арналған. Кептіру жұмыстарына небәрі бір апта уақыт кетеді. Осындай зауыттың ауылда салынғанына тұрғындар да қуанышты.

Жайлаубек Қалиев, ауыл тұрғыны

Біз өте қуаныштымыз ауылымыздан осындай үлкен зауыт салынғанына. Жаңа жұмыс орындары да ашылады. Осындай қарқынмен Қазақстан 30 дамыған елдін қатарына қосылады деп ойлаймын.

Жамбыл облысында кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрине, еліміздің өркендеуі, экономикамыздың тұрақтылығы бірінші кезекте  Ел Тәуелсіздігінің жарқын жемісі.

 

Сұхбат

PhotoRoom