Жамбылда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 17 жобаға 8 млрд-тан астам қаржы бөлінді

Аймақ
08.12.2016, 23:53

1481113938_88Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ахаев Мақсат Кеңесханұлы баяндады.

Мақсат Кеңесханұлының сөзіне сүйенсек, жалпы қала бюджетінде құрылыс жұмыстарына 10 миллиард 967 миллион, оның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8 миллиард 053,8 миллион теңге қарастырылған. Экономиканы ынталандыру аясында бөлінген осынау қаржы қаражаттары инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға өз ықпалын тигізуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалада 2016 жылға 17 жоба бойынша «тұрғын үй шаруашылық, су-жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға» 8 млрд 053,8 млн теңге бөлінді:

- жалпы ұзындығы 221,9 км тұрғын үйлерге инженерлік жүйелерді жүргізуге 6423,2 млн теңге бөлініп, 6043,5 млн теңге игерілді (94,4%).

- 2016 жылға білім нысандарының құрылысы үшін 1629,7 млн теңге бөлінсе, 1580,1 мың теңгесі (97%) игерілді.

2016 жылғы 1 желтоқсанға барлығы 7624,0 млн тенге игерілді (95 %). Пайдалануға 4 нысан берілді, жалпы сомасы 2659,0 млн теңге.

Атап айтсақ: үш ауысымды мектептерді азайту мақсатында «Құмшағал», «Кирпичник» тұрғын алқабында ұлттық қордан бөлінген 739,3 млн. теңгеге 300 орындық 2 мектептің құрылысы, «Салтанат» мөлтек ауданындағы 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Арай» тұрғын алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі кварталдық инженерлік жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталды және 6723 метр құрайтын жылу желілерінің құбырлары ауыстырылды. Жамбыл даңғылы, Рахимов, Жұбанышев көшелерінің бойымен М-5, Б.Момышұлы, Сейфуллин көшелерінің бойымен М-8 және Сүлейменов көшесі бойындағы ТК-225 ішкі кварталдық жылу жүйелері, Қойгелді көшесінен К-11 дейін жылу магистральдары қайта жаңғыртылды.

13 нысан әлі пайдалануға қабылданған жоқ, жалпы сомасы 10797,0 млн теңге, оның ішінде 2017 жылға өтпелі 7 нысан - 6088,4 млн теңгеге. Атап айтсақ: «Салтанат» мөлтек ауданындағы 1000 оқушыға арналған № 30 орта мектептің құрылысы, «Автобекет» ауданы маңындағы 14-ші және Сүлейменов көшесінің соңындағы 15-ші мөлтек аудандарға магистралдық және ішкі кварталдық инженерлік желілердің және құбырлардың құрылысы (газбен жабдықтау, сыртқы байланыс желілері, жылумен қамтамасыз ету), «Арай» алқабындағы 14 га жер теліміне жер асты суларының деңгейін жөндеуге арналған дренаждық насос станциясысының құрылысы (газ,сумен жабдықтау, сыртқы байланыс желілері, жылумен қамтамасыз ету ).

Сонымен қатар, Таразда, Айша бибі көшесінің соңында «Арай» және Шалғай Қарасуды қосатын жол өткелінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары кеңес дәуірінде басталып, 20 жылдан аса тоқтап қалған. Бұл жобаны аяқтауға «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы облыстық бюджеттен 16,9 миллион теңге қарастырылды. Көпір келесі жылы пайдалануға беріледі, - деп хабарлады әкім орынбасары Мақсат Ахаев.

Сұхбат

PhotoRoom