Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жұмыс сапары жоспарланған. Оған сәйкес Талдықорған қаласындағы сапары барысында бірқатар нысандарды аралау, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесу жоспарлануда.
Әкімдер рейтингісінде аутсайдерлер арасында жүрген аңсар Мұсахановтың қызметтен кетуі мүмкін бе? Облыс әкімдігінен кетпеген күннің өзінде Елбасының алдында атқарылған істері мен жоспары жайында үлкен есеп беретін болады.