Шу ауданында ағымдағы жылы жол жөндеуге 344,9 млн. теңге қарастырылды. Оның ішінде облыстық бюджеттен Аспара ауылына кіре беріс 28,1 млн. теңгеге 1,7 шақырым, Абай ауылына кіре беріс 94,8 млн. теңгеге 8,68 шақырым, «Балуаншолақ - Жиделі» автожолы 72,6 млн. теңгеге 17,3 шақырым жол жөндеу жоспарланды.2016 жылы орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюдежттен 91 млн. 950,0 мың теңге қарастырылып, Бұл қаржыға Көкқайнар ауылы, Саудабаев көшесінің 0,6 шақырымына 10 млн. 140,0 мың теңге, Көктөбе ауылы, Жаңа көшесінің 1,0 шақырымына 14 млн. 656,0 мың теңгеге, Шоқпар ауылы, Абай көшесінің 18 млн.975,0 мың теңге бөлініп игерілді.