
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық №9 орта мектептің (сметалық құны-1149,3 млн. теңге) құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «ТаразҚұрылысДизайн» ЖШС-гі, жалпы соммасы 952,1 млн. теңгеге ұтып алып, жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылға бөлінген қаржы көлемі 897,8 млн. теңге. Бөлінген қаражат жоспар бойынша 848,5 млн. теңге игерілді. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2017 жылдың 1 шілдесі.
Пайдалануға 26,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер енгізілген немесе 2015 жылдың деңгейіне 100,1 %, бұл жеке тұрғын үй құрылысының өсуіне байланысты.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады, - деп хабарлады өңір басшысы.