Меркі ауданында шырын тазалайтын цех қайта іске қосылды

Аймақ
29.10.2016, 01:44

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков ауданда жыл басынан атқарылған біршама жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті.

Аудан басшысының мәлімдеуінше, ауданда жыл басынан өнеркәсіп өнімін өндіруде оң динамика байқалуда, оның көлемі 2016 жылдың қаңтар-қазанында 2015 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 19,9 %-ға өсті және  30 млрд. 387 млн. теңгені құрады.

2016 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС Меркі филиалы жалпы құны 664,0 млн. теңгеге шырын тазалайтын цехын қайта жаңғыртып іске қосты, жаңа 18 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар өңір басшысы ауыл шаруашылық саласына да тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 12,9 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың осы кезеніне 105,0 % құрады.

2016 жылы 34,0 мың гектар ақ егіс орылып, 85590 тонна өнім  жиналды, жиналған өнім әр гектарға шаққанда орта есеппен 25,2 центнерден айналды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы жиналған өнім 34247 тоннаға ұлғайып отыр.

Мал шаруашылығында 2016 жылдың 1 қарашасына өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда МІҚ малдың саны 6,2%-ға, қой мен ешкі саны - 2,1 %-ға, жылқы - 2,6%-ға, түйе 0,9 %-ға өскен.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 6,8 мың тонна ет өндірілді, бұл 2015 жылдың қаңтар - қазанына қарағанда 26,0%-ға, сүт - 24,9 мың тонна, жұмыртқа - 1,52 млн. дана артық.

«Меркі асыл тұқымы зауыты» АҚ-ның 62,5 % акциясының бақылау пакетін иеленген «Агростан» ЖШС-гі шаруашылықтың дамуына 2 млрд. 207,6 млн. теңге инвестиция салмақшы. Дүниежүзілік стандартқа және заманауй үлгідегі технология талабына сәйкес келетін 3000 бас ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы құрылысын жүргізуде. Осы агрокешен құрылысы бойынша 600 басқа арналған карантинге қойылатын мал қорасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Аймақтық мастер сүт кластерін» құру бойынша ауданның 42 шаруа қожалығының басы топтастырылған «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативі құрылып, аудандық әділет басқарамасынан тіркеуден өтті. Бүгінде сүтті ірі қара мал алу жұмыстары жүргізілуде, - деп мәлімдеген Мейірхан Азатұлы брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

Сұхбат

PhotoRoom