
Оның сөзіне сүйенсек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында банк несие пайызының бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша жалпы соммасы 543,9 млн. теңгені құрайтын 14 жоба іске асты.
Сондай-ақ, аудан бюджеті 2016 жылдың 1 қарашасына аудан бюджеті кірістері бойынша 8 млрд. 292,3 млн. теңгеге немесе жоспарға 101,5%-ға, өзіндік кірістер - 939,8 млн. теңгеге (115,3%), трансферттердің түсімдері бойынша - 7 млрд. 352,5 млн. теңгеге (100,0%) орындалды.
2016 жылдың қаңтар-қазанында аудан бюджетінің шығындары 8 млрд. 216,6 млн. теңгені (жоспарға 98,8%) құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға өскен, оның ішінде білім саласындағы шығындар - 19,7%-ға, әлеуметтік көмек пен қолдауға -12,9%-ға ұлғайған.
Сонымен қатар, брифинг барысында аудан басшысы салық мәселесінде айта өтті. 2016 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке 1 млрд. 748,7 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 119,3 %. Республикалық бюджетке түсімдер 271,0 млн. теңгені (118,6%), облыстық бюджетке - 537,9 млн. теңгені (127,4%), аудандық бюджетке - 939,8 млн. теңгені (115,3%) құрады, - деп мәлімдеді М.Өмірбеков.