Шу ауданында жоғары сапалы мақсары майы өндірілуде

Аймақ
28.11.2016, 02:16

Шу ауданындағы "KazIrAgro" ЖШС мақсары майын және күнжарасын өндірумен айналысады. Сапалы әрі табиғи таза өнім шығаратын кәсіпорын  2012 жылдан бері табысты жұмыс жасап келеді.

Иран елімен бірлесіп іске асырылған жобаның жалпы құны 5, 7 млн. АҚШ долларын құрайды. Нысан толықтай Германиядан әкелінген қондырғылармен жабдықталған. Зауыт бүгінде тәулігіне 3 мың литрге дейін мақсары майын өндіруге қабілетті.

Мақсары майы – адам денсаулығына өте пайдалы, биологиялық құндылығы өте жоғары тағам. Ол жүректің ишемиялық ауруларының жеңілдетуге, қан қысымын төмендетуге және ұмытшақтықты бәсеңдетуге, иммундық жүйені арттыруға, зат алмасу процесін жылдамдатуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, күнделікті тағам жасауда қолданылады.

Зауыт салқындатылған сығу технологиясын қолдануымен ерекшеленеді. Бұл мақсары майының құрамындағы дәрумендер мен пайдалы элементтердің жойылмауы үшін таптырмас әдіс болып табылады.

Мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар күрделі техниканының тілін меңгеру үшін арнайы курстардан өткен.

Серіктестік меншігінде 3500 гектар мақсары өсіретін егістік алқабы бар.

Барлық қажетті талаптарға сай сертификатталған, санитарлық-гигиеналық қорытындылармен расталған экономикалық таза өнім бүгінде Қытай, Бельгия, Голландия елдеріне экспортталуда.

Сұхбат

PhotoRoom