Мемлекеттен 2010 жылы 2 гектар жер телімін алған қожалық жылыжай ісіне 2013 жылы кіріскен. Жобаны іске асыруға 28 млн. теңге қаражат жұмсалған.
Аумағы 0, 20 гектарды құрайтын 2 жылыжайдан жылына 10 тоннаға дейін, ал айына 2-3 тоннаға дейін өнім алуға болады. Көкөністер жергілікті мейрамханаларға, сауда нүктелеріне, Алматы қаласына өткізіледі.
«Мұнда егілген миринда қияры 3 айға дейін өнім береді. Күніне 200-300 келіге дейін өнім жиналады. Бағасы орта есеппен 500 теңге. Көктемге қарай қызанақ егуді қолға алмақпыз»-дейді Жапарқұл Тәжиев.
Шаруашылық алдағы уақытта жылыжай көлемін арттырып, тамшылатып суару жүйесін орнатуды жоспарлауда. Сонымен қатар, сыйымдылығы 6-7 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасының құрылысын жүргізбек.