Жоба құрылысы 2012 жылы басталып, 2013 жылы пайдалануға берілген. Жалпы құны – 1 млрд. 50 млн. теңге.
Қуаттылығы 9, 2 Мвт-ты құрайтын нысан бүгінде сағатына 6 МВт жарық өндіруде. Егер қоймадағы су көлемі артса, өндіріс көлемі де ұлғая түспек.
Мұнда барлығы 20 адам еңбек етуде.
Серіктестік алдағы жылы қуаттылығы 5 Мвт болатын тағы бір кіші су электр станциясын салуды жоспарлауда. Ол үшін 6,5 гектар жер телімі бөлінген. Жобаның құны - 80 млн. теңге.
Бүгінде жобалық сметалық құжаттар дайындалып, басқа да келіссөздер жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда 14 адам жұмыспен қамтылатын болады.