Гамлет Төреханұлының баяндауынша, тұрғындарды, әсіресе жастарды спортқа қызықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда өткізілетін спорттық іс-шаралардың маңызы зор. Жыл басынан бері осы бағытта облыста 2025 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 373,0 мыңнан астам адам тартылды.
Олардың ішінде, Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне ауылдық, аудандық және облыстық іріктеу жарыстары, мектеп оқушылары арасында Мектеп Лигасы, «Алтын Сақа» облыстық турнирі, «Әке, ана және мен – спорттық жанұялық ойындары» отбасылық ойындарының ауылдық, аудандық және облыстық іріктеу жарыстары, Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиадасы, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының республикалық спартакиадасы және тағы басқа көптеген іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 20 - 22 қыркүйек аралығында Тараз қаласының Б.Момышұлы атындағы саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық аула ойындарының ІІІ ақтық кезеңі спорттың 5 түрі бойынша өткізілді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки). Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады: жасөспірімдер 10 - 14 жас; жастар 14 - 18 жас; ересектер 18 жастан жоғары болды.
Сонымен қатар, 2016 жылдың 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыс және аудан әкімдерінің бастауымен облыс әкімдігінің басқармалары, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, жоғарғы және арнайы орта оқу орындары мен қала тұрғындары өткізілген «Тәуелсіздік – тірегім» атты велошеруге қатысты, жалпы 700-ден астам адам қамтылды, – деп жаңалықтарымен бөлісті басқарма басшысы Г.Қайнарбеков.