Әбдібеков моноқалаларға инвестиция тартуды көздейді

Аймақ
20.08.2014, 22:16

Еліміздегі, соның ішінде Қарағанды облысындағы құрылыс жұмыстары құрылыс индустриясының ары қарай дамуына серпін берді. Салада бұрынғылары қалпына келтіріліп, өндірістің заманауи талаптарына жауап беретін жаңа кәсіпорындар құрылуда.

Осындай кәсіпорындардың бірі - «ККК Бетон» ЖШС үй құрылысы комбинаты. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Сарандағы жұмыс сапары барысында осы мекемеге соқты.

Еске сала кетейік, комбинаттың алғашқы кезеңі өткен жылдың желтоқсанында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен ұлттық телекөпір аясында іске қосылды.

Зауыт озық технологиялармен құрылыс саласына қажетті өнімдерді шығару үшін құрылған. Мұнда шатырға қажетті элементтер, екі қабатты және үш қабатты қабырға панельдері, жеңіл бетон өнімдері және фасадты элементтер өндіріледі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 48 мың текше метр темірбетондық бұйымдар.

Кәсіпорын директоры Александр Кику өңір басшысына комбинатта жабынды плиталардың жүйелі өндірісі жүзеге асып жатқанын айтты. Сонымен қатар маусым айында қазір  сертификациядан өтіп жатқан қабырға панельдерін шығарып көрген.

Өндірістің жабдықталуымен және технологиялық сызбасымен танысқан Нұрмұхамбет Әбдібеков бүгінде басты міндет - аймақтың құрылыс саласын, ең алдымен «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын өніммен қамту.

Саран Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған республикалық моноқалаларды дамыту бағдарламасына кіретін Қарағанды облысындағы 8 қаланың бірі.

Бағдарламаның жүзеге асырылуы үнемі облыс басшылығының бақылауында.  Өңір басшысының Саран қаласына барған жұмыс сапарының тағы бір мақсаты қазіргі жағдаймен танысу, туындаған мәселелерді анықтап, оны шешу.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Саранда салынып жатқан нысандардың бірі - орталық қазандық.

Оның құрылысы 2012 жылы басталған. Биыл ӘТК ғимаратының,  көмір қоймасының, жөндеу көмекші цехының,  гараж бен бірқатар өзге технологиялық нысандардың құрылысын аяқтап,  4 дайындалған қазандықтың екеуін жинақтау көзделген. Қазандықты іске қосу 2015 жылға жоспарланған.

Облыс әкімі Саран қаласының тұрғындары үшін бұл қазандықтың маңызы ерекше екенін атап өтті. Өйткені мұнда орталықтандырылған жылыту көзі жоқ. Бұл жылумен қамту қызметінің сапасы мен тарифтердің ауытқуына жол береді.

Өңір басшысы «Қарағандырезинотехника» ЖШС болды. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына резинотехникалық бұйымдарды шығаратын жалғыз өндіріс орны.

Кәсіпорында өнімнің 500 аталымын (түрін) шығарады. Конвейерлік ленталардан басқа бұған қалыпқа салынған және қалыпқа салынбаған (формалы және формасыз) бұйымдар, жең (майысқақ түтік), тағы басқалары кіреді. «Қарағандырезинотехника» ЖШС шығарылатын өнімнің 50 % Қазақстаннан өзге елдерге экспортталады. 200-ден астап өндірістік  компания оның тұтынушылары болып табылады. Солардың ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «ТНК Қазхром» АҚ, «Қазцинк» ЖШС және т.б. кәсіпорындар Саран экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосуда.

«Қарағандырезинотехника» ЖШС барған облыс әкімі кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін, шығаратын өнімдерін, оларды өткізу нарығын, туындаған мәселелер жайлы сұрастырды. Соңында Нұрмұхамбет Әбдібеков кәсіпорынның барлық ұжымына Мемлекет басшысының ҮИИДБ аясындағы тапсырмаларын орындауда сәттілік тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom