«Бабалар аманаты» - ұлттық идеология

Аймақ
05.09.2014, 12:31

«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстанда ауқымды шаралар атқарылуда. Соның бастамасы ретінде бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтетін шараға көрнекті жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова барды.

Шараға қатысушылар алдымен Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, халық қаһарманының рухына тағзым етті. Одан кейін мәртебелі мейман М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде болып студент жастармен, білім ордасының ұстаздарымен кездесті. Университет қабырғасында ұйымдастырылған «Отбасы – мемлекетіміздің іргетасы» шарасына қатысып, отбасылық құндылықтар, ата-дәстүріміздің заман талғамына сай қайта жаңғыртылуы, үлкенге ізет, кішіні құрмет тұту сынды мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, жас буын өкілдерімен өзара пікір алмасты. Түс қайта Зейнеп Ахметова облыстық «Отырар» кітапханасына келіп «Бабалар аманаты» атты кітабының таныстырылымын өткізеді, оқырмандармен жүздеседі.

7f7bd6b2f5308ffd2d94d71dc1bcebcd

Берік Уәли, ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Зейнеп апамыздың «Бабалар аманаты» естелік-эссесі тұнып тұрған тәрбие сабағы. Жай педагогтар жазған теория емес, өмірлік, тәжірибелік, әбден сүрлеуден өткен нағыз өмір мектебі. Қазіргі заманның ең қиын да, шешімін таба алмай келе жатқан маңызды мәселелерінің бірі – жастар, әсірес, жас отау, келін мәселесі. Міне, бұл естелік-эссе тәрбиелік маңызы зор мағлұматтарға құрылған, рухани шыңдалған еңбек. Автор мұны өз еңбегім демейді, тағы да «ата» айтты дейді. Осының өзі үлкен тәрбие...

Сұхбат

PhotoRoom