Жас ақындар мүшәйрасы өткізіледі

Аймақ
09.09.2014, 11:52

Оңтүстікте жас ақындар арасында облыстық мүшәйра өтеді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметінен. 

Аталған кездесуде жылдың соңына дейін басқарманың өткізетін іс-шаралары таныстырылды. Атап айтқанда, облыстық жас ақындар арасында «Сен жанбасаң, лапылдап!» атты мүшәйра және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90-жылдығы мен Алаштың арыстары Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120-жылдығына орай шағын футболдан журналистер арасында  республикалық турнир өтеді.

Мүшәйраға 14-29 жас аралығындағы жас ақындар қатысады.

Сайысқа қатысушылардың өлеңдерін қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал қорытындысы 10 желтоқсан күні анықталып, бас жеңімпаздың өлеңдері «Тәуелсіздік күні» қарсаңында басылып шығарылады, деді басқарма басшысы.  Конкурста 1-орын, 2-орын, 3-орын алған қатысушыларды қомақты ақша және басқа да ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр. Аталған мүшәйраны «Жазушылар одағының» мүшелері Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Жанарбек Әшімжан және Қалқаман Сарин сынды елімізге танымал тұлғалар сараптайтын болады.

Сондай-ақ, 27 қыркүйек күні шағын футболдан журналистер арасындағы республикалық турнир өтпек. «Аталғанжарысқа Астана, Алматы, Қызылорда және Тараз қалаларынан өтініштер түсті.  Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 27 іс-шара өтеді»,- дейді Берік Құрманғали.  Аталған кездесуде жылдың соңына дейін басқарманың өткізетін іс-шаралары таныстырылды. Онда облыстық жас ақындар арасында «Сен жанбасаң, лапылдап!» атты мүшәйра және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90-жылдығы мен Алаштың арыстары Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120-жылдығына орай шағын футболдан журналистер арасында  республикалық турнир өтетіні айтылды.

Мүшәйраға 14-29 жас аралығындағы жас ақындар қатысады.

Сайысқа қатысушылардың өлеңдерін қабылдау 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал қорытындысы 10 желтоқсан күні анықталып, бас жеңімпаздың өлеңдері «Тәуелсіздік күні» қарсаңында басылып шығарылады, деді басқарма басшысы.  Конкурста 1-орын, 2-орын, 3-орын алған қатысушыларды қомақты ақша және басқа да ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр. Аталған мүшәйраны «Жазушылар одағының» мүшелері Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Жанарбек Әшімжан және Қалқаман Сарин сынды елімізге танымал тұлғалар сараптайтын болады.

Сондай-ақ, 27 қыркүйек күні шағын футболдан журналистер арасындағы республикалық турнир өтпек. «Аталған жарысқа Астана, Алматы, Қызылорда және Тараз қалаларынан өтініштер түсті.  Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 27 іс-шара өтеді»,- дейді Берік Құрманғали.

Сұхбат

PhotoRoom