Қазақстандықтар үш күн бойы Наурыз мейрамын тойлап, 5 күндік демалысқа шықты. Мерекелік шаралар әр облыс орталығында, қалаларда, ауданда, ауылдарда мазмұнды, көрнекі әрі ауқымды деңгейде тойланды. saigez.kz ай сайын қала әкімдерінің тұрақты рейтингін жүргізіп жүргендіктен, республикамыздың түрлі қалаларындағы, әсіресе облыс орталықтарында өткен мерекелік шараларға шолу жасады.
22 наурызда Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара қаланың жүздеген тұрғындары мен қонақтарының басын қосты. Киіз үй түріндегі қалашықта түрлі халық дәстүрлерінің, қолданбалы өнер және «Шебер ауылы» қала қолөнершілерінің көрмелері, «Қазақстанда жасалған» ШОБ саласының және өнеркәсіптік кәсіпорындар жетістіктерінің көрмесі, «Наурыз бейнелері» балалар шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілерінің көрнекілік жұмыстары және «Достық алаңы» Қазақстан халқы ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының қолөнер бұйымдарының көрмелері өткізілді.
Облыс орталығында мереке «Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух» атты театрландырылған қойылымнан бастау алды.
Бұдан өзге, «Экспо-2017» аясында әрі адамның техникалық және технологиялық жетістіктерін көрсету мақсатында робот-трансформерлер шоуы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көпшілікке танылып үлгерген «Домбра Party», «Қымыз фестивалi», «Бауырсақ Party» шаралары өткізілді.
Қызылорданың орталық қала алаңында 30 киіз үй мен 6 шатырдан тұратын қалашық тұрғызылды, «Экспо-2017» көрме павильоны ұйымдастырылды, онда қонақтарға Астанада өтетін шараға билет сатып алу мүмкіндігі берілді.
Шебер әйелдер басты мерекелік асты әзірлеу өнерінен жарысқан «Наурыз көже» фестивальі өтті. Көрермендер, жаппай сауық-сайран қатысушылары жеңімпазды таңдады.
«Достық» алаңында «Мәңгілік ел төріндегі – Наурыз» ұранымен Наурыз мейрамына орайластырылған шара өткізілді. Көрермендерге 500 адам қатысқан театрланған қойылым, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазираның концерттік бағдарламасы, ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының түркі халықтары мәдениеттері мен өнерлері ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Қарағандыда Наурызға облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері арнайы киіз үйлерде барлық қызығушылық танытушыларға экскурсия жүргізді. Мамандар қала тұрғындарына қазақ халқының әдет-ғұрыптары, дәстүрлері мен ата-бабалардың өмір сүру салты туралы айтып берді.
Орталық саябақтың сахнасында «Наурыз аңызы» мюзиклі көрсетілді. Театрланған қойылымға 600-ден астам адам атсалысты. Мюзиклде дүние жаратылысының барлық кезеңдері туралы, табиғат апаттарымен күрес, көктемгі жандану және жердің гүлденуі жайында айтылды. Көл жағасында ұлттық спорт түрлері мен ат және аласа жылқымен жарысу жарыстары өтті.
Биыл қала билігі алғаш рет ең үздік киіз үй байқауын өткізді. Ол үшін алдымен арнайы комиссия құрды, оның құрамына танымал мәдениет қайраткерлері, тарихшылар, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері кірді.
Байқау 20 наурызда бастау алды. Комиссия киіз үйлердің тек сыртқы бейнесіне қарап қоймай, сонымен қоса ішіндегі жабдықтарына – тұрмыстың қандай ұлттық элементтері қолданылғанына мән берді. Бірінші кезекте, комиссия киіз үйдің ағаш не құрастырмалы-металл құрылымына баса назар аударды.
Киіз үйлерді тұрғызуға қала колледждерінің білім алушылары қатысқан кезде, ақсақалдар үдерісті бақылап, жетекшілік етуден өзге, жастарға байырғы қазақ тұрағының шығу тарихы, оның түрлері мен құрамдас бөліктері туралы, сонымен қатар киіз үйді жинау, бөлшектеу, орналастыру және өзге жерге көшіру жұмыстары туралы айтып берді.
Мыңдаған павлодарлықтар Наурыз мейрамына орай қаланың орталық алаңына жиналды. Мереке қаланың орталық алаңында басты кейіпкері Қыдыр ата болған театрланған қойылымнан бастау алды.
Алаңда әрбір қалаушы қазақ халқының мәдениетімен және тұрмысымен таныса алатын киіз үйлер орнатылды. Олардың ішінде халық қолөнершілерінің ағаштан, металлдан және былғарыдан жасалған бұйымдары ұсынылды.
Өскеменге Наурыз мейрамын тойлау күндері Мұрат Мұтұрғановтың цирк шоуы мен Қырғызстаннан келген Рахмановтар әулетінің даршылары келіп, өнер көрсетті.
Семейде басты театрланған қойылым Абай атындағы театр ғимаратына жетелейтін кең сатыларда ұсынылды. Үлкен көркемдік шоуға бірнеше жүздеген мектеп оқушылары және Семейдің ондаған шығармашылық ұжымдары қатысты.
Наурыз мейрамына орай Ақтөбе облысында 1000-нан астам шара ұйымдастырылды. Наурызға орайластырылған халық сайрандарына он мыңдаған адам қатысты. Ең ауқымды мерекелік шара Ақтөбе қаласында өтті. Облыс орталығында ұйымдастырылған мерекелік салтанаттар 20 мыңнан астам адамның басын қосты.
Ақтөбеде ұлттық нақыштағы 75 киіз үй тұрғызылды. 30 киіз үйден тұратын ең үлкен киіз үй ауылын кәсіпорындар мен мекеме орындары Тұңғыш Президент атындағы саябақта ұйымдастырды. Қонақтарға арнап 5 тонна бауырсақ, 7 мың литр наурыз көже пісірілді.
Ақтау қаласының жағасына 25 ақ киіз үй тұрғызылды, олардың әрқайсысы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ас-шай әзірледі. Арнайы мереке қонақтары үшін шамамен 2000 литр шұбат, 5 мыңнан астам тонна бауырсақ, 7 тонна палау және 3 мың литр наурыз көже пісірілді.
Петропавл қаласында Наурыз мейрамын тойлаудың негізгі орны 21 наурызда киіз үй қалашығы тұрғызылған, М. Жұмабаев атындағы көше болды. Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Достық үйінің алдына «Достық дастарқаны» орналастырылды.
Мереке барысында халықтың қатысуымен ойын-сауық байқау бағдарламалары, «Достық хормен жүру» флеш-моб музыкалық ойыны өткізілді. Мереке қонақтарының қатысуымен келіндер арасында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге байланысты байқау өткізілді.
Бірінші күннің соңына қарай «Көктем әндері» атты қаланың аға буынына арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
22 наурызда Орталық алаңда мереке қонақтарына қала домбырашылары «Балбырауын», «Адай» күйлерін жаппай орындап, «Қара жорға» биіне флеш-моб ұйымдастырды.
Бұдан өзге, өңір әкімі Қ. Ақсақаловтың бастамасымен алғаш рет көппәтерлі үйлердің 30-дан астам ауласында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциялары аясында балаларға «Нептун» аквапаркінде тегін демалу, «Киндер ленд», «Мадагаскар», «Аттракциондар әлемі» ЖШС-нің аттракциондарына бару мүмкіндігі берілді.
Оралда «Мейірімді көктем» жобасы аясында қоғамдық ұйымдарға, жастарға, ұжымдарға қолдау көрсеткен көптеген қайырымдылық акциялары өткізілді. Дегенмен, ең ауқымды шара 22 наурызда өткізілді. Көптен күткен Наурыз мейрамы Орал қаласында биыл жаңа Тәуелсіздік алаңында атап өтілді. Мерекеге орай оралдықтар 300 шырша мен қайың көшетін отырғызды.
Қостанайда ашық аспан астында «Палау әлемі» және «Бауырсақ – Қазақстанның аспаздық бренді» байқаулары өткізілді. Бірнеше сағат бұрын шамамен тонна ұлттық тағамдар даярланды.