Оңтүстік облыстар Ақтөбеден газ ала бастайды

Аймақ
12.09.2014, 12:58

Қазақстанның оңтүстік өңірлері Ақтөбе облысынан 2015 жылға қарай газ ала бастайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай мәлім етті.

Облыс басшысының айтуына қарағанда, бүгінгі таңда өңірде 16 компания кен орындарын игерумен айналысып жатыр. Олардың ішінде ең ірісі «CNPC Ақтөбемұнайгаз» компаниясы болып отыр.

«Ағымдағы жылы компания үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтады, оның құны 118 миллиард теңгені құрап, қаражат толық игерілді. Ал жобаға келсек, ағымдағы жылы оның қуаты 10 пайызға, ал келесі жылы 2 есеге артып, жылына 6 млрд. текшеметр газды құрамақ. Осылайша, тауарлы газ еліміздің оңтүстік өңірлеріне сатылады», - деді А.Мұхамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, «CNPC Ақтөбемұнайгаз» компаниясы электр энергиясын өндіру көздерін кеңейтуді көздейді. Бұдан бөлек, 150 млн. долларды құрайтын, қуаттылығы 160 МВт газтрубиналық электростанса құрылысы аяқталған.

Сұхбат

PhotoRoom