Шымкентте жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Аймақ
17.05.2017, 15:28

Шымкент қаласында жол белгілерін жаңарту және көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету мақсатында жасанды тежегіш кедір-бұдырлар орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін «Асар» шағынауданындағы №№80-90 мектептер маңында, Ғани Іляев көшесі, Бауыржан Момышұлы даңғылында және №118 балабақша маңында жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда Қазыбек би, Орманов көшелерінде және №65 мектепке кірер жолға жасанды кедергілер орнатылуда. 1495001991

Ал көше жолақтары Өтегенов жане Байтұрсынов көшелерінде (Арғынбеков көшесінен Рыскұлов даңғылына дейін) сызылуда. Айта кету керек, бұл көшелерде тек ұсақ-түйек жұмыстар атқарылуда, сондықтан бұл учаскелердегі көлік қозғалысы тек бөліп-бөліп тоқтатылады. Ал түнде сағат 22.00-ден кейін бұл көшелер толық жабылады. Сондықтан қала акімдігі жургізушілерден аса мұқият болуды сұрайды.

Сұхбат

PhotoRoom