Шымкентте өтетін теннисшілер жарысына 70-ке жуық шетелдік теннисші қатысады

Аймақ
22.05.2017, 22:30

Халықаралық жарысқа 70-ке жуық шетелдік теннисші қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Оның айтуынша, ерлер арасындағы бұл турнир Қазақстанда өткізілетін Президент Кубогінен кейінгі ірі жарыстың бірі болмақ.  Мамырдың 23-і мен 27-і аралығында өтетін байрақты бәсекеге ел құрамасының теннисшілері Александр Недовесов пен Андрей Голубев қатыспақ. Айта кетейік,  жарыстың жүлде қоры 50 мың долларды құрап отыр.  Сондықтан спортшылар дайындықтарын әбден пысықтауда. Аталған додаға «Казцинк», «Билайн» компаниялары демеушілік жасап отыр. Мамандардың айтуынша,  қаламыздағы ұлттық теннис орталығында  халықаралық сайыстарды өткізуге барлық жағдай жасалған.

Сұхбат

PhotoRoom