Шымкент мектептерінде «Қазақ полициясы балалар көзімен» атты арнайы сайыс өтті

Аймақ
23.05.2017, 00:02

Шымкентте «Қазақ полициясы балалар көзімен» деген атаумен мектеп оқушылары арасында арнайы сайыс ұйымдастырылды. Дарынды балалар бүгінгі бейбіт күннің тәртіп сақшыларының келбетін бейнеледі. Жас суретшілердің бірі қылмыскермен айқасып жатқан құқық қорғаушы мен темір торға қамалған күдіктінің сұсты түрін айнытпай салған. Қауіпсіз қала мен жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға шақырып тұрған жол сақшысының бейнесі еріксіз көңіл аудартады. Тіпті бүлдіршіндер туындыларын тамашалай келген тәртіп сақшыларының портретін де салып берді. Шараға жалпы 100-ден астам туынды ұсынылыпты. Соның ең үздік деген 20-сы арнайы марапатталды. Жүлдегерлерге полицейлер алдағы «ЭКСПО» көрмесіне тегін жолдама берді.

Әлия Ордабекова, Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы: – Осы жарысқа қандай сурет салсам деп көп ойландым. Ойыма түрлі картинкалар елестеді. Полицияның батырлығын көрсеткім келді. Полиция мен қылмыскерді салдым. Жеті қазынаның бірі төбет бар, полицияны бейнеледім. Сол арқылы тәртіп сақшыларының маңыздылығын көрсете алдым деп ойлаймын.

Салтанат Қаракөзова, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы: – Әр суретті қарап, бағамдаған кезде біз бүгінгі таңда әрбір оқушының полиция қызметкеріне деген көзқарасы өте дұрыс екеніне көз жеткіздік. Полиция қызметкерлерін қорғаушы ретінде, көмекші ретінде қарайтындары бізді таңдандырды.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom