Шымкенттік оқушылар роботты қазақша сөйлетті

Аймақ
14.05.2017, 00:17

Шымкенттік оқушылар роботты қазақша сөйлетті. №31-ші мектептің шәкірттері өздері құрастырған темір жиынтыққа «Сабыр» деп ат қойыпты. Бағдарламасы енгізілген жағдайда ақылды құлтемір кез келген тілде сөйлейді. Кейбір сабақты оқушылардан да жақсы біледі. Сондықтан оны оқу ошағында әдістемелік құрал ретінде пайдаланып жүр. Өнертапқыш жастардың жасыл экономикаға негіздеп жасаған тың туындылары «EXPO балалар көзімен» атты көрмеде көпшілік назарына ұсынылды.88828a59338d8c3eb989682a2489fac0_L

«Болашақ жастардың қолында», – деп ұрандатқан жүздеген оқушы флешмоб ұйымдастырды. Сол жерде Шымкенттен ЭКСПО көрмесін тамашалауға баратын 3,5 мың балаға облыс әкімі сәттілік тіледі. Озат оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге мұндай мүмкіндікті жергілікті әкімдік пен қалталы азаматтар жасап отыр. Бекнұр Қонысбаев, № 31 мектеп оқушысы -Бұл робот сөйлейді, кез келген ақпаратты еркін баяндап айтып шыға алады және қозғалады. Басқа да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында әдістемелік құрал ретінде қолданылады.

Сұхбат

PhotoRoom