Шымкенттегі "Көмеш бұлақ" базарының маңы ретке келтірілді

Аймақ
25.05.2017, 09:31

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Көмеш бұлақ" базары маңына барып, осындағы такси тұрағын ұйымдастыру жұмысын тексердi. Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасымен Республика даңғылы мен Әлия Молдағұлова көшесінің қиылысында "13 аймақ" таксопаркінің күшімен көлік тұрағы салынды. Онда қаладан Өзбекстан бағытына сапар шегетін жеңіл көліктер үшін арнайы орын ашылған.18582447_1407764279271840_4014458062122999215_n

Қазір 5 көлік сыятын бұл тұраққа таксилер кезегімен келіп, жолаушыларды жинайды. Осының нәтижесінде жерасты өткелі алдындағы көлік тығынының мәселесі шешілді. Енді Қазығұрт бағыты да, Громов көшесінің бағыты да біршама ашылып қалған. Ал жолаушы тасымалдаушылар бұл тәртіп ең алдымен өздері үшін де тиімді деп отыр.18664617_1407764259271842_5027550969918056753_n

- Арамызда бәсекелестік бұрыннан бар. Бірақ, енді кімнен кейін кім екенін анық біліп отырамыз. Өз кезегімізбен келіп, орын аламыз, адам жинаған соң жолға шығамыз. Жолаушылар да разы. Олар енді 10-15 көлік қатарынан толғанын күтіп тұрмайды, - дейді жолаушы тасымалдаушылардың өздері.

Сұхбат

PhotoRoom