Шымкентте жүзуден республикалық жарыс басталды

Аймақ
29.05.2017, 21:52

Бүгін Шымкенттің орталық су спорт кешенінде жүзуден республикалық жарыс басталды. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің 14 облысы мен  Астана,Алматы қалаларынан 450-ге тарта жас спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 20170529205222

Республикалық жарысқа оңтүстік өңірінен  олимпиадалық резервтерді дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен, сондай-ақ, осы орталықтың тәрбиеленушілерінен 1 команда жасақталды. 20170529204618

Қарсылас командалар Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодардан келген.  Балалар мерекесіне арналған байрақты бәсеке үш күнге созылып, мамырдың 31-інде өз мәресіне жетеді  деп жоспарланып отыр.  Үздіктер әр қашықтық бойынша анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сұхбат

PhotoRoom