Шымкентте балалар мерекесі аталып өтті

Аймақ
01.06.2017, 21:13

Бүгін «Шымкент-холл» салтанат сарайында балалар мен оларды қамқорлыққа алған жандарға арналған салтанатты шара болып өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Арнайы дайындалған концерттік қойылымдар мен сый-сыяпаттар жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.592ffe8838108

Мұндай іс-шараларға қатысып, қолдағысы келетін кәсіпкерлер саны жылдан жылға көбейіп келеді. Ал бүгінгі мерекеде балалар мен олардың қамқоршылары мол дастархан басына жиналып, шоу-бағдарламаны тамашалады. Концертті қаланың өнерпаз ұжымдары дайындаған.


 


Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте ата-ана қамқорлығынсыз қалған 776 бала болса, олардың 33-і патронатты тәрбиеге алынған.

Сұхбат

PhotoRoom