ОҚО-ның жетпіс жастағы тұрғыны Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне велосипедпен жолға шықты

Аймақ
03.06.2017, 00:07

Шымкенттік қария Кеңесбек Сейдімбеков Астанаға велосипедпен аттанбақ. Жасы 70-ке таяған ақсақалдың мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту. Себебі, бұл шараны Елбасы бастамасымен еліміз тұңғыш рет өткізгелі тұр. Сондықтан,  осылай көрмеге қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.«Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі біздің Елбасымыздың бастамасымен өткізілейін деп отыр. Бұл әркім өз тауарын тұтынушыға ұсынатын көрме ғана емес, халықаралық қауымдастықты ынтымақтасты, бірлікке, бейбітшілікке шақыратын шара. Мен сол Елбасының бастамасын қолдау үшін Астанаға велосипедпен аттанып барамын. Оңай емес, әрине. Дегенмен Астанаға барар жолымды айқындап алдым. Тараз, Шу, Балқашта тоқтап тынығып, Елордаға жетемін деп жоспарлап отырмын» дейді Кеңесбек ата.Қарияны Елордаға шығарып салу үшін өз немерелері мен Шымкенттік еріктілер келді. Олар жасы 70-ке таяған ақсақалға ақ жол тілеп, қолдау білдірді. Атамыз өз кезегінде жастарды күнделікті өмірде велосипедпен көп жүруге шақырды. Себебі, ол спорт. Ал, спорт саулық кепіліп екенін жеткізді.Айта кетейік, күні бүгінге дейін Кеңесбек ата өз велосипедімен Мәскеу мен Ауғанстанға барып қайтқан.

Сұхбат

PhotoRoom