Шымкент мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды

Аймақ
09.06.2017, 23:29

Шымкент мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бұған қала бюджетінен 440 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарымен 6 мердігер компания айналысуда. Бұдан бөлек жылу жүйелерін жөндеу үшін 124 мектепке 38 млн теңге қаралған.

remont school

Қызу жұмыс жүргізіліп жатқан нысанның бірі – №11 мектеп. Осыдан 26 жыл бұрын қолданысқа берілген білім ордасының тозығы жеткен. Бүгінге дейін ешбір жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Биыл Шымкент қаласында 118 мектепті жөндеуден өткізу жоспарланған. Үш мектепте ғана күрделі жөндеу жүргізіледі. Олар – №27, 39 және 100 мектеп. Аталған мектептерде жұмыстар жаңа оқу жылына дейін толық аяқталмақ,-деп жазады Шымкент келбеті газеті.

Шымкентте құрылысы жүріп жатқан 13 мектептің 8-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, Шымкентте құрылысы жүріп жатқан 13 мектептің 8-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom