Созақтық iскер әйелдер ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесiне аттанды

Аймақ
12.06.2017, 22:55

Созақ ауданының әкiмi Салыхан Полатов Астанада өтетiн Iскер әйелдер ассоциациясының үшiншi конгресiне, ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесiнiң ашылуына қатысып қайтатын делегаттарды қабылдап, сәт сапар тiледi.18835772_442668862756505_4823820802721024964_n

Делегаттар – «Бақ-Нұры» iскер әйелдер қоғамдық бiрлестiгiнiң белсендi мүшелерi. Аудандық «Созақ үнi» газетiнiң аға тiлшiсi, «Бақ-Нұры» iскер әйелдер қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Н.Майусова, аудандық «Тiлдердi дамыту орталығының» басшысы Г.Биғондиева және аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Э.Мамадалиева аудан басшысына ризашылығын бiлдiрдi. Қайтып келген соң алған әсерлерi жайлы ой бөлiсетiндiктерiн жеткiздi.

Айта кету керек,  iскер әйелдер ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесiне ауданнан алғашқы қонақ ретiнде аттанып отыр.

Астанада 9 маусым күні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Оған 17 мемлекет және үкімет басшылары арнайы келді. Олар Қазақстан экспозицияларын тамашалап, Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысты.

Сұхбат

PhotoRoom