ОҚО-ның мүмкіндігі шектеулі жастары ЭКСПО-ға жол тартты

Аймақ
17.06.2017, 22:49

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы ерекше оқытуды қажет ететін 50 жас ЭКСПО-ға жол тартты. Облыстық арнайы кәсіптік колледж студенттерінің бас қалаға сапарын қалалық маслихат депутаттары қаржыландырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Экспо-2017-2Халықаралық көрмеге аттанған жастардың барлығы кәсіптік колледжде білім алады. Олар туабітті және жүре келе түрлі сал ауруларына шалдыққан жандар. Демеушілер болса  осы қасиетті Рамазан айында осынау жастардың ел көріп, көрмеге қатысып қайтуына қолдау көрсеткен. Өз кезегінде жарымжан қыз-жігіттер бүкіл әлем кереметтерін көрсететін халықаралық ЭКСПО көрмесіне қонақ болатынына дән риза. Олар осындай мүмкіндік берген демеуші ағаларына шексіз алғыстарын жеткізді. Айта кетейік, жаз мезгілінде Астана төріндегі көрмеге Кентау қаласынан 4 мыңнан астам азамат барады деп жоспарлануда.  Олардың алғашқы легі өткен аптада жетті.

Сұхбат

PhotoRoom