Оңтүстік Қазақстан облысында 493 га жерге жаңғақ және алғаш рет 50 гектарға бадам бауларын отырғызу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру бағытында нақты шаралар атқарылуда.
Мәселен, жерді тиімді пайдалану, суармалы егісті кеңейту бойынша өндіріске жаңа технологиялар, тамшылатып суғару әдісі, жылыжайлар салу, интенсивті бауларды ұлғайту жұмыстары қарқынды дамытылуда.
Осылайша, жылыжайлар алаңы - 1323 гектарға, егістік көлемі 792 мың га, интенсивті бау аумағы 2630 га жеткізіледі.
Қазіргі таңда интенсивті баулардың тиімділігін шаруалардың көздері толығымен жетіп отыр. Дәстүрлі баулардан гектарына 40-50 цн. өнім алынса, интенсивті баулар 500 – 600 цн. дейін өнім алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, облыста 40 мыңға жуық үй және фермерлік қожалықтардан біріктірілген 463 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.
2017 жылы шағын мал бордақылау алаңдары саны 3 013 бірлікке көбейіп - 12 163, жанұялық сүт фермалар 722 бірлікке артып – 2 660, шағын құс фермалары саны 14 бірлікке артып - 42, балық шаруашылықтары 4 бірлікке көбейіп – 31 бірлікті құрамақ.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 88 млрд. теңгені құрап, 3% артты.