Шымкенттегi дендросаябақ Асқаровтың есiмiмен аталатын болд

Аймақ
21.06.2017, 00:44

Облыс әкiмдiгiнде қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы өттi. Кеңестiң бұл жолғы талқысына өзектi деген 10 мәселе ұсынылды. Кеңес мүшелерiнен өзге облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Дархан Сатыбалды, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев қатысқан басқосуда басқарма өкiлдерi ұсынылған мәселеге орай хабарлама жасап, түйткiлдi тұстардың түйiнiн тарқатуға тырысты. Әсiресе, облыс бюджетiне енгiзiлген соңғы өзгерiстер мен толықтырулардан бөлек, ауыл шаруашылығына берiлетiн субсидияға қатысты мәселелердi талқылауға келгенде кеңес мүшелерiнiң айрықша белсендiлiгi байқалды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан газеті жазады.3001

Алдымен облыс әкiмi аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң бүгiнгi жай-күйiне тоқталды. Оның айтуынша, облыс бойынша жыл сайын тұрғындарға 20 миллион қызмет ұсынылса, соңғы уақытта көрсетiлген қызметтерге қатысты азаматтардан арыз-шағым түспеген. Алайда, 2014 жылмен салыстырғанда соңғы екi жылда құжаттың мерзiмiн бұзу фактiлерi жиiлеген. Оған қоса 32 заңбұзушылық анықталған. Премьер-министрдiң тiкелей құзiретiне алынған қызмет көрсету саласына көп ретте кәсiпкерлердiң де көңiлi толмайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарға жаңаша серпiн беру қажеттiгi айтылды.

Ал, облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Олжатай облыс бюджетiндегi жаңа өзгерiстерге сай бiрқатар салалардың қомақты қаржымен қамтылғанын жеткiздi. Мәселен, газбен қамтамасыз етуге қатысты 47 жоба әзiрленiп, жобалық-сметалық құжатын жасауға 170 миллион теңге бөлiнген. Дегенмен, осы тұста кеңес мүшелерiнiң пiкiрi екiге жарылды. Бiр тарап бөлiнген қаржы талайдың қолын «көгiлдiр отынға» жеткiзетiнiн айтса, ендi бiрi қазына қаржысының қайтарымсыздығына налыды. Расында, мемлекет жобасын әзiрлеп, инфрақұрылым жүйелерiн жасап берудi өз мойнына алса да газ таратушы компаниялар тариф бағасын төмендетуге келгенде құлықсыз кейiп танытады. «Дайын асқа – тiк қасық» осындай компаниялардың тарифке қатысты саясатына әзiрге ешкiмнiң тiсi батпай тұр.

Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағынан салынатын 2 теннис кортына бөлiнген 700 миллион теңге де кеңес мүшелерiнiң қызығушылығын туғызды. Олардың пiкiрiнше, бұған дейiн пайдалануға берiлген осындай теннис алаңдары көбiне бос тұратын көрiнедi. Осынша қаржыны одан гөрi басқа қажеттiлiктерге жұмсайық дегендер табылды. Әшейiнде, құпия делiнiп, жорта жауап беретiн сала мамандары жиында «Ордабасы» футбол командасындағы шетелдiк легионерлерге төлейтiн қаржы көлемiн де айтып қалды. Жылдық бюджетi 3 миллиард теңге болатын команда бюджетiнен шетелдiктер ай сайын 25-30 мың долларды қалтасына басады екен. Әрине, нәтижесi болса, қаржының ақталғаны дерсiң... Ал, осындай артық шығынға байланбас үшiн балалар футболын дамыту – кезек күттiрмес мәселе екенi анық.

Кеңес отырысының жағымды жаңалығының бiрi – бұдан былай Шымкенттегi дендросаябақ қоғам қайраткерi, бiр кездерi осы алапты түлетуге ұйытқы болған Асанбай Асқаровтың есiмiмен аталатын болды. Бұл жөнiндегi республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 6 наурыздағы қорытындысы негiзiнде шыққан облыс әкiмдiгiнiң қаулыс

Сұхбат

PhotoRoom