Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында шикізатты ыдыстарға саңылаусыз құятын қондырғы іске қосылды

Аймақ
25.06.2017, 15:57

Инновациялық тың технология автоматты түрде басқарылады. Оған қоса қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуын азайтады. Зауыт жұмысшылары жүйені толық сынақтан өткізіп, АИ-80 маркалы бензинді цистерналарға құйып көрді. Заманауи құралдармен жабдықталған орталықта өрт қауіпсіздігі жүйесі де жолға қойылған. Орталық жылына 2,5 миллион тонна мұнай өнімдерін құяды.7c1a04a2d08b0792c5949f63d7cf06b8_L

Келешекте әуе кемелеріне қажетті жанармай мен дизель отынын құятын құрылғы да іске қосылмақ. Кәсіпорын мұндай мүмкіндікке Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр. Қазірдің өзінде кәсіпорын жылына 4 мың тонна күкірт шығарады. Құрылымдау жұмыстары толық жүзеге асқан кезде, еліміздегі мұнай өңдеу зауыты әлемдік талаптарға толық жауап беретін жоғары технологиялы ірі өндіріс орнына айналмақ.

Болатбек Жолдасов, Шымкент мұнай зауыты бөлімінің жетекшісі:  -Бұл автоматты қондырғы экология талаптарын ескере отырып салынған. Мұнай өнімдерін құю кезінде шығып жатқан көмірсутек бұрын ауаға кетіп жатса, енді арнайы құбыр арқылы техникалық процестен өтіп, шикізат цехына қайта жіберіледі. Атмосфера ластанбайды, жұмыс қауіпсіз. Өрттің қауіпсіздік деңгейі ең төменгі деңгейге жетеді.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom