Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі атап өтілді

Аймақ
25.06.2017, 20:00

Бүгін мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өтіп, онда 10 мемлекеттік қызметші ант қабылдады. Онда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады.


«Мемлекеттік қызмет әр адамнан жауапкершілікті, туған жерге деген ынтасыз қызметті талап етеді. Біздің міндетіміз - күн сайын халықтың мемлекетке деген сенімін арттыра түсу. Біз мемлекеттік қызметке қабылданған күні қабылдаған антымызды ұмытпауымыз керек. Халықтың мемлекетке деген сенімі қарапайым мемлекеттік қызметшіден басталады»,- деді қала әкімі.



Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте 500-ге жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Биыл «Б» корпусындағы 369 мемлекеттік қызметшінің барлығы аттестациядан өтіп, өздерінің біліктілігін дәлелдеді. 15 маманның лауазымын жоғарылату жөнінде ұсыныс жасалған.


Жиналыс барысында түрлі дәрежеде еңбек өтілі бар 10 мемлекеттік қызметкерге қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Ал тағы 10 қызметкер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, салтанатты түрде ант берді. Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сұхбат

PhotoRoom