«Ордабасы құс» фабрикасының бір топ жұмысшысы «Экспоға» қарай жол тартты. Әлем назарын тіккен айтулы шараны көзбен көріп, тамашалап қайтпақшы. Оларға Арқа төсіндегі халықаралық көрмеге жолдаманы кәсіпорын басшысы Мұрат Тағаев тарту еткен.
«Ордабасы Құс» ЖШС − Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында кеңейтілген өндіріс кешені. Жылына 150 мың балапан өсіреді. Жобаның басты артықшылығы − автоматтандырылған жүйе бойынша қалдықсыз өнім өндіреді. Маңдайалды компания жұмысшыларының жаңашылдыққа жаны құмар. «Экспода» көріп-білгені мен ойға түйгенін тәжірибеде шыңдамақ ниетте. Бұл туралы shymkenttv.kz сайты жазады.
Райым Шалабай – Инженер - эколог
Күнде жаңалықтардан көріп жатырмыз. Енді біз сол жердегі жаңалықтарды, жаңа шыққан технологияларды, шетелдік компанияларды проверкадан барып көріп, сол жердегі барлық жаңалықты өзіміздегі өндіріске ары қарай жалғастырсақ деп отырмыз.
Сапарларын Астананың туған күніне орай ұйымдастырған өндіріс өкілдерін бас директордың өзі сәттілік тілеп шығарып салды. Алдағы уақытта тағы 10 адамнан тұратын екінші топты Арқа төсі - Астанаға жіберуді көздеп отыр. Халықаралық шараны көріп-тамашалау бақытына ие болғандардың басшылық құрамға айтар алғысы шексіз.
Ерсұлтан Нәлібаев – «Ордабасы құс» ЖШС-нің жұмысшысы
Ордабасы Құс басшысы Мұрат Тағаев ағамызға рахметімізді айтайын деп отырмыз. Осыны басқарудың өзі оңай емес. Біз тек қана өз ақшамызға емес, осы компанияның ақшасына бара жатырмыз. Бұл екінің бірнің қолынан келе беретін нәрсе емес.Сонымен бірге осы бағдарламаны басқарып отырған жоғарыдағы Елбасымызға, одан кейінгі осы жердегі біздің әкімшілікке рахметімізді айтайын деп отырмыз. Қуаныштымыз осылай барып келетінімізге.
Естеріңізге сала кетсек, серіктестік «ЭКСПО» көрмесіне орай, астаналықтарға 300 келі құс етін тарту еткен болатын. Осылайша, әлем көз тіккен көрмеге өз үлестерін қосуға мүдделі.