КЕНТАУЛЫҚТАР ЭКСПО КӨРМЕСІНЕН ЕРЕКШЕ ӘСЕРМЕН ОРАЛДЫ

Аймақ
11.07.2017, 23:50

ЭКСПО—2017 халықаралық көрмесiн тамашалауға аттанған Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғындары туған жерге оралды.  Қала тұрғыны, еңбек ардагерi Әбiлда Жүзекеев көрмеден алған әсерiмен бөлiстi.ac4813d5d0fc0895aaa7eba4c06273d7_L

— ЭКСПО—2017 көрмесiне Ынтымақ алаңынан  бiздi салтанатты түрде Кентау қаласының  әкiмi Ә.Мақұлбаев бастаған көпшiлiк шығарып салды. Арнайы концерттiк бағдарлама ұйымдастырылды. Жастар флешмоб билеп, әсем әндер орындап, жұртқа көтерiңкi көңiл-күй сыйлады. Велошеруге қатысқан Кентау жастары Астанаға аттанған автобуспен бiрге қала шекарасына дейiн барды. Осылайша көңiлдi басталған сапарымыздан үлкен әсерге бөленiп, таңданыспен оралдық. ЕХРО көрмесi — мақтануға тұрарлық дүние. Балама энергияның қазiргi қоғамға дендеп енiп жатқанына қуандық. Ондағы кереметтердi сөзбен айтып жеткiзу қиын. Сондықтан баршаңызды көрменi тамашалауға шақырамын, – дейдi ол.

Қалалық мәслихат депутаттарының демеушiлiгiмен Астанаға жолға шыққан Арнаулы кәсiптiк колледжiнде бiлiм алушы мүмкiндiгi шектеулi 50 жас та ЭКСПО көрмесiн тамашалап келдi. Оқу орнының мәжiлiс залында ұйымдастырылған үлкен концерттен кейiн олар көрмеден алған әсерлерiмен бөлiстi. Игi iске ұйытқы болған  Кентау қалалық мәслихатының  хатшысы Талғат Балабиевке ризашылықтарын бiлдiрiп, алғыстарын айтты.

Ақпарат көзі: okg.kz

Сұхбат

PhotoRoom