Шымкентте жол жүру бағыты өзгерді

Аймақ
11.07.2017, 23:55

Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! Сiздердiң назарларыңызға "Бекжан" базары жанындағы жабық жол айырығын айналып өту жолын ұсынамыз. Дүйсенбi, 10 шiлдеден 11 шiлдеге қараған түнi осындағы Темiрлан тасжолы мен Ахунбабаев көшесiнiң қиылысынан 4 бағытқа қозғалыс толық жабылады. Еске салайық, мұнда iрi жол айырығы салынады. Осы учаскенi айналып өту сызбасы белгiленген.

Сонымен, әуежай жаққа баратын болсаңыз, сiзге авто орталық жанынан оңға бұрып, "Синойл" АЖБ-iн айналған соң қайтадан Темiрлан тасжолына түсу керек. Ал әуежай жақтан келе жатып, Шымкент орталығына жету үшiн Темiрлан тасжолымен келiп мешiттiң алдындағы оң жақ бұрылысқа түсу керек. Сiздерге қолайлы болу үшiн сол сызбаны жариялап отырмыз. Жолға шығар алдында танысып алыңыздар.

Айта кету керек, әр оң жақ бұрылыста ашық сары түстi нұсқаулар орнатылып, "айналып өту" деп жазылған. Керек бағытқа жүру үшiн сонда бұрылсаңыз жеткiлiктi.

Шымкент қаласының әкiмдiгi баршаңызға алғыс бiлдiрiп, уақытша қолайсыздықтар үшiн кешiрiм сұрайды.

Сұхбат

PhotoRoom