Сенат сайлауын ұйымдастырудағы кемшіліктер

Аймақ
01.10.2014, 15:42

Оңтүстік Қазақстанда сайлау заңға сәйкес өтуде, деп хабарлады ТМД атынан бақылаушылар миссиясының өкілі Гүлнар Джурабаева.

«Бәрі Қазақстан заңына сәйкес өтуде. Сайлау заң бойынша баламалы болуы керек, мұнда үш үміткердің шығып кеткеніне қарамастан, солай болды», - деп атап өтті ол.

Оңтүстік Қазақстан депутаттары дауыс беріп жатқан кезде бақылаушылар бәрін назарға алды. Гүлнар Джурабаева ұйымдастырудағы кейбір кемшіліктерді атап кетті.

«Бюллетеньдер таратқан үстелдердің жанында бәрі жиналып қалды. Бәрі дауыс беруге асықты, ал ол үшін орындар аз болды», - дейді бақылаушы.

Сонымен бірге Г.Джурабаева үміткерлердің үгіт-насихат шараларында бола алмағанына өкініш білдірді.

ТМД атынан миссия бақылаушысы Гүлнар Джурабаева - Қырғызстан ОСК төрағасының орынбасары.

Сұхбат

PhotoRoom