Оңтүстік Қазақстан облысында  «KAZAKH INVEST» өкілдігі өз жұмысын бастады

Аймақ
21.07.2017, 10:27

 KAZAKH INVEST (1)

Биылғы жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігі жұмыс істей бастады.

Өңірлік өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда бірқатар шетел компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«KAZAKH INVEST»-тің негізгі міндеті әрбір инвестициялық жобаны идеядан дайын өнім шығаруға дейін толық қолдау болып табылады. Өңірлік өкілдік шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі арқылы қолдау білдіріп,  келісім және визалық рұқсаттамалар алуға көмектеседі.  Сонымен қатар шетелдік инвесторлар үшін жергілікті жобалардың деректер базасын қалыптастырумен айналысатын болады.

Айта кетейік, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің негізінде құралған. «Kazakh Invest»-тің негізі міндеті - Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау.

«KAZAKH INVEST» республикалық бюджеттен қаржыландырылады және өз қызметтерін тегін көрсетеді.

     ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom