ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті

Аймақ
21.07.2017, 18:19

 

      b9290719-aa23-4f75-80d1-9ffb2b39ac2e   

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті.  Көрмеге қойылған 25 фото суретте  Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, "Алаш" этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр. 

Фото-көрмеге ЭКСПО комиссарлары, комиссарлардың орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары, халықаралық ірі компаниялардың иелері мен 100 елден келген қонақтар қатысты.

30a96773-5f8f-4b82-9627-e780208d6bf4

 Оңтүстіктегі туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мұрындық болыпты.  Басқарманың идеясына Ontustik Tourism  және "Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы" қолдау білдірген.  

  "Ең алдымен, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдік деңгейдегі ауқымды іс-шара екенін атап өту керек. Ал Сіздер таңдап алған "Болашақтың энергиясы" тақырыбы осы жарқын болашаққа жақындап, алға қадам басуға мүмкіндік береді. Мен ЭКСПО-2017 көрмесінен керемет әсер алып жүрмін. Қазақстан мені баурап алды. Осында келгелі бері бизнес-қауымдастықпен кездесіп, болашаққа жоспар құрдық. Қазақстанның Оңтүстігінде туристер қызығатын жер өте көп, тарихы бай, табиғаты тамаша. Сондықтан, Оңтүстікке саяхаттап баруды жоспарлап отырмын», - дейді  Үндістаннан келген «Ұлы Жібек жолы»  павильонының комиссары Лу Джи. 

самат17 (1)

  Айта кетейік,  Оңтүстік Қазақстан облысы осындай іс-шараны өткізген алғаш облыс. Бұл халықаралық дәрежедегі алаңшада ішкі және сыртқы бағыттағы туризмді дамытуға, шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруға жақсы мүмкіндік.

"Мақсатымыз - Оңтүстік Қазақстанды бүкіл әлем қызығатын туристік өлке ретінде таныту. Бір белгілісі - Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облысының бұл тұстағы әлеуеті өте кең. ЭКСПО-2017 көрмесі осы әлеуетті дамытуға көмектеседі деп сенеміз" дейді ұйымдастырушылар.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom